Skip to content
Жаңалықтар «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні»

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні»

  • by

🌲«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 25 сәуір – «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне» орай ұлттық парк қызметкерлері «Sarqan jastarу» орталығының еріктілерімен бірлесіп, парк аумағына 480 дана ағаш көшеттерін отырғызды.

🌿 Аталған игі шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтарды көгалдандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Акция барысында қатысушылар ұлттық парк аумағын жасыл желекпен толықтыруға өз үлестерін қосты.