🔹Ұлттық парктің Сарқан филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың мақсаттары, қағидаттары мен тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, заң талаптарын сақтау және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қызметкерлер өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолдары жөнінде ұсыныстарын білдірді.