🌿«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парк қызметкерлері Жетісу орта мектебінің ұстаздарымен бірлесіп, 5–10 сынып оқушыларына «Эко-сағат» атты практикалық дәріс өткізді.
Оқушылар ағаш түрлері бойынша зерттеу жобаларын қорғап, өнерлерін көрсетті.
🌳 Іс-шара соңында былтырғы тұқымнан өсірілген өскіндер мектеп ауласының 0,01 га жеріне отырғызылды.