Skip to content
Жаңалықтар Экскурсия өткізілді

Экскурсия өткізілді

  • by

🌿 «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында Жер күніне орай ұлттық парктің қызметкерлері Алмалы орта мектебінің оқушыларына танымдық экскурсия өткізді.
Оқушылар табиғат мұражайын аралап, ұлттық парктің өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат алды.

🌲 Сонымен қатар, «Сарқан орман тұқымбағы» туристік маршрутына барып, орман тұқымбағындағы табиғатты қорғау жұмыстары және ағаш көшеттерін өсіру үдерісімен танысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.