📚Ғылым күніне орай Ұлттық парктің ғылым бөлімінің қызметкерлері парк ұжымына арналған танымдық іс-шара ұйымдастырды.
📑Іс-шара барысында бөлім мамандары ғылыми-зерттеу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырып, жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, қызметкерлер арасында қызықты викторина ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Сондай-ақ, «Алтын-Емел МҰТП»-ның 30 жылдығына арналған конференцияға қатысқан қызметкерлерге арнайы сертификаттар табысталды.