Skip to content
Жаңалықтар «Құстар – біздің досымыз»

«Құстар – біздің досымыз»

  • by

🌿«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің Алакөл филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақжар ауылындағы Ақжар орта мектебінде «Құстар – біздің досымыз» атты практикалық дәріс өткізілді.

🕊️Іс-шараның мақсаты – оқушыларға құстарды қорғаудың маңызын түсіндіру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны аялауға баулу.
Іс-шара барысында мектеп ауласына 5 дана ұя жәшіктері орнатылып, оқушыларға оларды күтіп-баптау жолдары түсіндірілді.