Skip to content
Жаңалықтар «Құстар – біздің досымыз» атты ашық сабақ өткізілді

«Құстар – біздің досымыз» атты ашық сабақ өткізілді

  • by

🌿«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің «Жасыл орман қамқоршысы» мектеп орманшылығының 7-сынып оқушыларына «Құстар – біздің досымыз» атты ашық сабақ өткізді.
🕊️Сабақтың мақсаты – оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы туралы түсінік беру, оларды қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар құстар туралы мәлімет алып, олардың тіршілігімен танысты.
Табиғатты қорғау мақсатында мектеп ауласына құстарға арналған 15 дана ұя жәшіктері орнатылды.