Skip to content
Жаңалықтар “Парктер шеруі — 2026” халықаралық табиғатты қорғау акциясы

“Парктер шеруі — 2026” халықаралық табиғатты қорғау акциясы

  • by

🌿3 сәуір күні «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де «Парктер шеруі-2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында парк қызметкерлері, Сарқан қаласының мектеп оқушылары, колледж студенттері мен еріктілердің қатысуымен орталық алаңнан «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» ұранымен мерекелік шеру бастау алып, ұлттық парктің бас ғимараты алаңында жалғасын тапты. Акцияның ашылу салтанаты барысында қатысушылар үшін тақырыптық көрме мен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Сарқан ауданы әкімдігі, «Жетісу» телеарнасы, Сарқан аудандық мәдениет үйі, Сарқан аудандық газеті, Сарқан ауданының ардагерлер ұйымы, Сарқан аудандық полиция бөлімі, «Sarqan jastary» орталығының еріктілері, Сарқан көпсалалы және Сарқан политехникалық колледждерінің студенттері, Абай атындағы орта мектеп-гимназия, Ақын Сара атындағы орта мектебі, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі, Н. Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі, Аманбөктер негізгі орта мектебі, Бірлік орта мектебі, №1 мектеп-гимназиясының оқушылары, сондай-ақ Сарқан қаласының Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері қатысып, белсенділік танытты.

Іс-шара аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау және жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында ұлттық парк аумағына 235 дана ағаш көшеті отырғызылды. Жалпы іс-шараға 400-ге жуық адам қатысып, табиғатты қорғау мен сақтау ісіне өз үлестерін қосты.