🔹«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ бас директорының №98 н/қ «Парк аумағында мекендейтін суыр мен борсықты есепке алу туралы» бұйрығына сәйкес, «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту», «Ғылым» бөлімдерінің қызметкерлері Алакөл филиалы мен «Мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзету» бөлімінің аумақтарында санақ жұмыстарын жүргізді.


