🌿2 сәуір күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұлттық парк қызметкерлері сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара барысында ұлттық парк аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыс шығарылды. Сенбілікке парк қызметкерлері белсенді қатысып, табиғатты қорғау мен сақтау ісіне өз үлестерін қосты.
🌱Тазалық — әрбір азаматтың борышы!