🌸«Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивалі – сирек кездесетін табиғи құбылысты тамашалауға бірегей мүмкіндік. Жабайы өсетін Сиверс алмасы – барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Бұл кезеңде тау беткейлері нәзік ақ-қызғылт гүлдерге оранып, ерекше көркем табиғи көрініс қалыптастырады.
🍎2018 жылдан бастап бұл фестиваль ұлттық паркіміздің аумағында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы аумағының 1,05%-ын Сиверс алмасының жабайы жеміс екпелері алып жатыр. Сиверс алмасы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген.
✨Құрметті қонақтар!
Сіздерді 2 мамыр күні табиғаттың ғажайып сұлулығын және Сиверс алмасының ерекше гүлдеуін бірге тамашалауға шақырамыз!