Skip to content
Жаңалықтар Сиверс алмасының көшеттерін дайындау және отырғызу жұмыстары жүргізілуде

Сиверс алмасының көшеттерін дайындау және отырғызу жұмыстары жүргізілуде

  • by

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында мемлекеттік орман қорына 2 миллиард ағаш отырғызуға бағытталған 2021–2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарды орындау мақсатында «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де тиісті жұмыстар жүргізілуде.

🌿Осыған сәйкес, Сарқан орман тұқымбағында Сиверс алмасының 2 жылдық стандартты 1042 (бір мың қырық екі) дана көшеттері қазылып алынып, сұрыптау жұмыстары жүргізілді.

Аталған көшеттер ұлттық парк аумағына отырғызу мақсатында белгіленген тәртіпке сәйкес ұлттық парктің Сарқан филиалына жеткізіліп, отырғызуға дайын күйде жолданды.