🌿16 сәуір күні «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парк мамандары Сарқан политехникалық колледжінің 1–2 курс студенттеріне «Таза Қазақстан — болашақ кепілі» тақырыбында Жоңғар-Алатауы МҰТП-нің биоалуантүрлілігі және парктегі табиғатты қорғау іс-шаралары туралы эко-дәріс өткізді.
Дәріс барысында «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, ұлттық парктің биоалуантүрлілігі мен табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстар таныстырылды. Студенттер белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Іс-шараға 80 адам қатысты.