Skip to content
Жаңалықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

  • by

🕊️Ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері Қабанбай ауылындағы О. Молдағожин атындағы орта мектептің «Жасыл желек» мектеп орманшылығының 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Құстарға қамқор болайық» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

♻️Іс-шара барысында оқушылар құстарға арналған ұя жасаудың тәсілдерін меңгеріп, оларды ағашқа дұрыс орнату жолдарымен танысты.
Аталған жұмыс оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталды. Нәтижесінде мектеп ауласында 10 дана ұя жәшіктері орнатылды.