Skip to content
Жаңалықтар Тренингке қатысты

Тренингке қатысты

  • by

🌿«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Жасыл даму» АҚ мамандары «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ қызметкерлеріне тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) бөлек жинау бойынша «Экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында оқыту тренингін өткізді.
Оқыту барысында қатысушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау, оларды қайта өңдеуге жіберу жолдары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың маңызы жан-жақты түсіндірілді.
♻️Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты таза сақтау, экологиялық мәдениетті дамыту және болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалыптастыру.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, туристік нысандарда қызметкерлер, келушілер мен қонақтар арасында қалдықтарды дұрыс сұрыптау мәдениетін насихаттау жалғасын табады. Сонымен қатар, «Жасыл даму» АҚ тарапынан парк аумағына 40 дана (10 жинақ) қоқыс контейнері, 30 дана (10 жинақ) қоқыс урнасы, 10 дана ақпараттық баннер, 10 дана эко-орындық және 30000 дана биоыдырайтын қапшықтар берілді.