Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне – 16 жыл!
🌲Осы уақыт ішінде ұлттық парк табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық туризмді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
🏔️Жоңғар-Алатауы – ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер мен жабайы жануарлар мекендейді, оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген түрлері де бар. Парк аумағы – биоалуантүрлілікті сақтаудың маңызды орталығы.
🌸 Табиғаттың көркі саналатын Сиверс алма ағашы – осы өңірдің басты байлығы. Бұл жабайы алма түрі әлемдегі барлық мәдени алмалардың арғы тегі болып табылады.
🌿16 жыл ішінде ұлттық парк тек табиғатты қорғап қана қоймай, экологиялық ағарту, ғылыми зерттеу және экологиялық туризмді дамыту бағытында да үлкен жетістіктерге жетті.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – келешек ұрпаққа аманат!
