Skip to content
Жаңалықтар Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

  • by

🌿«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парк қызметкерлері Көкөзек орта мектебінің 7–8 сынып оқушыларына экологиялық семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық тәрбие беру.
Семинар барысында оқушыларға ұлттық парктің флорасы мен фаунасы туралы ақпарат беріліп, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері таныстырылды. Сонымен қатар, табиғатты қорғаудың маңызы, қоршаған ортаны таза сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және орман өрттерінің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.