Skip to content
Жаңалықтар 18 мамыр – Халықаралық мұражай күні

18 мамыр – Халықаралық мұражай күні

  • by

🎓18 мамыр – Халықаралық мұражай күні.
Бұл мереке 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің (International Council of Museums) бастамасымен бекітілген.

🌿 «Парктер шеруі» акциясы аясында және аталған мерекеге орай парк қызметкерлері Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейінің «Жас орманшылар» мектеп орманшылығының 6-сынып оқушыларына ұлттық парктің табиғат мұражайында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.
Оқу-танымдық экскурсия барысында оқушылар парктің туристік бағыттарымен және экологиялық іс-шараларымен танысып, көптеген мәлімет алды.

🌱Іс-шара соңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында отырғызылған өскіндерге күтім жасау жұмыстары жүргізілді.