Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, отандастар!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
✨Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміздің ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі, тарихымыздың өшпес парағы. Сондай-ақ, тылда аянбай еңбек еткен жандардың да еңбегі зор құрметке лайық.
Бүгінгі ұрпақтың міндеті – сол ерлікті ұмытпай, бейбітшілік пен татулықты сақтау, ел тәуелсіздігін нығайту.
⚜️Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік орнап, аспанымыз ашық болсын!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
