Skip to content
Жаңалықтар Ескерту!

Ескерту!

  • by

📍Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа сәйкес, «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ хабарлайды:

Аталған жағдай «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің Аттапқан шатқалында орналасқан ұзақ мерзімді серіктестік аумағы — «Табиғат ОРХ» ЖШС аумағында тіркелді.

Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын аңдардың қатарына жатады. Алдын ала мәлімет бойынша, аю аталған аумаққа тағам иісіне байланысты келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

⚠️ Ескерту!
Жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды тамақтандырмауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмаңыздар.
Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!