Skip to content
Жаңалықтар Конференцияға қатысу

Конференцияға қатысу

  • by

🔹«Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-де жүзеге асырылып жатқан «Табиғатты қорғау жүйесіндегі археологиялық, тарихи, киелі саналатын петроглифтер, қорғандар және қасиетті жерлерді кешенді зерттеу» атты ғылыми-зерттеу жұмысы аясында ҒЗЖ орындаушысы, ғылым бөлімінің басшысы Ж. Нұрғожанова және ғылыми жетекші, «Жетісу өлкетанушылар орталығының» төрағасы Қажет Андас «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясына спикер ретінде қатысты.

Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндалды.