Skip to content
Жаңалықтар Сиверс алма ағашының гүлденуі фестиваліне арнайы қонақтар келді

Сиверс алма ағашының гүлденуі фестиваліне арнайы қонақтар келді

  • by

Сарқан ауданында«Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі аясында өңірге арнайы қонақтар келді. Қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы Байгунысов, аудан ардагерлері, Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы, туризм саласының өкілдері мен өңір өнерпаздары ерекше құрметпен қарсы алды.

Фестиваль аясында қонақтар «Қойтас» эко-паркіне барып, өңірдің туристік мүмкіндіктерімен танысты. Кездесу барысында саялы өңіріндегі туризмді дамыту бағыттары, оның ішінде Балқаш көлінің жағалауын дамыту және тау туризмін ілгерілету мәселелері таныстырылды.

Айта кету керек, шараға республикалық және халықаралық деңгейдегі экология, орман шаруашылығы, ғылым және туризм саласының өкілдері, табиғатты қорғау ұйымдарының мамандары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Бұл шара – табиғи мұраны дәріптеу, экологиялық туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам.