Skip to content
Жаңалықтар Сурет салу шығармашылық байқауы өткізілді

Сурет салу шығармашылық байқауы өткізілді

  • by

🌿 «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұлттық парк қызметкерлері «Туған өлкем – шабыт мекені» атты сурет салу шығармашылық байқауын ұйымдастырып өткізді.

🎨Байқауға Сарқан қаласының мектеп оқушылары қатысып, өз шығармашылық жұмыстары арқылы туған өлкенің әсем табиғатын, көрікті жерлерін және қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі.

🌱Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
🔹Байқау қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 5 маусым күні өтеді.