🌿«Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұлттық парктің Сарқан филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Аманбөктер орта мектебінің 5–7 сынып оқушыларына арналған «Табиғат – біздің байлығымыз» тақырыбында экологиялық викторина өткізілді.
Викторинаның мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру, ұлттық парктердің маңыздылығы мен табиғатты қорғау мәселелері туралы білімдерін тереңдету.
Іс-шара барысында оқушылар Жоңғар Алатауының флорасы мен фаунасы, сирек кездесетін жануарлар, экологиялық ережелер және табиғатты аялау жолдары туралы сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.