🌿«Парктер шеруі» экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің Лепсі филиалының қызметкерлері Лепсі орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Табиғатым – байлығым» атты қолөнер байқауын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау барысында оқушылар табиғи және қайта өңделетін материалдарды пайдалана отырып, түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар қатысушылар ән айтып, би билеп, өздерінің музыкалық қабілеттерін де көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға «Ең үздік бишілер», «Ең музыкалық», «Үздік қолөнер» номинациялары табысталып, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.