Skip to content
Жаңалықтар «Табиғатым – байлығым» жасанды интеллект көмегімен шығармашылық жұмыстар байқауы

«Табиғатым – байлығым» жасанды интеллект көмегімен шығармашылық жұмыстар байқауы

  • by

💻🌿«Табиғатым – байлығым» жасанды интеллект көмегімен шығармашылық жұмыстар байқауы

🔹Қатысушылар:
Байқауға мектеп оқушылары, 1 курс колледж студенттері қатыса алады. Жас санаттары:15–17 жас.

🔹Байқау номинациялары:
– «Үздік AI-сурет» (жасанды интеллект арқылы жасалған иллюстрация);
– «Үздік AI-бейнеролик».

🔹Жұмыстарға қойылатын талаптар:
– жұмыстар «Табиғатым – байлығым» тақырыбына сәйкес болуы тиіс;
– жасанды интеллект құралдары қолданылғаны көрсетілуі қажет;
– авторлық өңдеу (идея, түзету, мәтін) қатысушы тарапынан жасалуы тиіс;
– бір қатысушы 1 жұмыс ұсына алады;
– файл форматтары:
сурет – JPEG/PNG;
бейнеролик – 2-3 минут.

🔹Өткізу мерзімі:
– жұмыстарды қабылдау: 12 – 21 мамыр 2026 ж.

Қорытындылау және марапаттау:
05.06.2026 ж.