🌿«Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы аясында ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері Алакөл ауданы бойынша 7- (М.Жұмабаев, Ш.Уәлиханов, О.Молдағожин атындағы орта мектебі, Тоқжайлау орта мектебі, Ақжар орта мектебі, Шынжылы негізгі орта мектебі және Көкжар негізгі орта мектебі ) мектептердің қатысуымен өткен «Туған өлке – шабыт мекені» атты шығармашылық байқауын ұйымдастырып өткізді.
🌱Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар топтарын таныстырып, сонымен қатар «Табиғатым – байлығым» тақырыбында шығармашылық көріністерін көрсетіп, қолөнер бұйымдары мен Жоңғар Алатауының көркем табиғатын бейнелейтін суреттер көрмесін ұйымдастырды.
Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау, ағаш отырғызу мен жануарларды аялау тақырыптарын кеңінен насихаттады. Байқау барысында әр топ номинация бойынша мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтарын алды.