Skip to content
Жаңалықтар Ұлттық парк қызметкерлері Сарқан колледжіндегі туризм онкүндігінің ашылуына қатысты

Ұлттық парк қызметкерлері Сарқан колледжіндегі туризм онкүндігінің ашылуына қатысты

  • by

🌏Бүгін ұлттық парктің қызметкерлері Сарқан көпсалалы колледжінде «Туризм – ел дамуының драйвері: білім, тәжірибе және болашақ!» атты ұранмен өткен «Туризм» ПЦК онкүндігінің ашылу салтанатына қатысып, арнайы көрме ұйымдастырды.

Іс-шара барысында туризм саласының маңыздылығы, оның ел экономикасын дамытудағы рөлі, ішкі және экологиялық туризмді дамыту бағыттары туралы айтылды. Шара барысында «Туризм» мамандығының студенттері өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық қойылымдар ұсынды.