📅20.05.2026 жыл
📍Жоңғар Алатауының баурайында — білім, спорт және туризм тоғысқан ерекше күн! 🏕️⛰️
Сарқан көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен туризм мамандығының 10 күндігі аясында Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи паркінде «TSI (TOURISM SPORTS INTELLECTUAL) КВЕСТ» ойындары мен туризм саласы бойынша мастер-класс өтті.
Шара барысында қатысушылар туристік дағдыларын шыңдап, спорттық әрі интеллектуалды тапсырмалар арқылы өзара командалық рух пен шапшаңдықтарын көрсетті. 🔥
Табиғат аясында өткен квест жастарға ерекше әсер сыйлап, туризмнің қыр-сырын тереңірек тануға мүмкіндік берді. 🧭🌿
🏆 Ойын қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар мен үздік командалар «Sarqan jastary» филиалының алғыс хаттарымен марапатталып, кубоктар мен дипломдарға ие болды.
✨ Туризм — тек саяхат емес, ол төзім, білім, батылдық және командалық жұмыс!
#TSIКвест #SarqanJastary #Туризм #Жастар #ЖоңғарАлатауы Квест Сарқан ТуризмМамандығы ЖастарСаясаты СпортЖәнеИнтеллект
🎯 Шараның мақсаты:
Жастар арасында туризм саласын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және командалық әрі интеллектуалдық қабілеттерді дамыту.