Маусымның 9-12 күндері Сарқан орман тұқымбағы, Лепсі филиалы — Лепсі орман тұқымбағы, Жалаңаш, Чернов орманшылықтары, Жалаңаш, Крутое, Черная речка шатқалдары аумағында «Тұқымбақ жағдайында жоғары сапалы отырғызу материалын алу үшін ағаш-бұталы түрлердің жасыл қалемшелеу технологиясын әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғылым бөлімінің биологы А.Канапьянова , Лепсі филиалының биологы Абузяров Д., орман шебері Абдухаликов Р., Сарқан орман тұқымбағының басшысы Аубакиров Т. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің биология ғылымдарының кандидаты, ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі А.С.Бахтауловамен бірлесіп далалық іс- сапар жүргізді.