«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында ұлттық парк қызметкерлері «Sarqan jastary» орталығының еріктілерімен бірлесіп Сарқан өзенінің жағалауында «Таза өзенге – таза жағалау» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырды.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – өзен жағалауының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Сенбілік барысында қатысушылар өзен бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жиналған қоқыстарды сұрыптап арнайы орындарға шығарылды.