🌱«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері №11 экологиялық соқпақ – «Көкжар шатқалы» бойында экосенбілік өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту және келушілердің экологиялық мәдениетін арттыру. Сенбілік барысында қызметкерлер экологиялық соқпақ бойын қоқыстардан тазартып, демалыс орындары мен соқпақ маңындағы аумақтарға санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.