Skip to content
Жаңалықтар Құрметті достар және табиғат сүйер қауым!

Құрметті достар және табиғат сүйер қауым!

  • by

🌿 Құрметті достар және табиғат сүйер қауым!

Жоңғар-Алатауының көркем табиғатына саяхат жасауды жоспарлап жүрсіз бе, бірақ қажетті бағытқа қалай жетуді білмейсіз бе? Сіздер үшін ұлттық парк филиалдары мен туристік маршруттарға жету жолдарын көрсететін арнайы бейненұсқаулықтар дайындадық.

📍 Бейнероликтерде келесі бағыттарға қалай жетуге болатыны көрсетілген:

🏢 Парк филиалдарына:
• Сарқан қаласынан Сарқан филиалына (Екіаша ауылы)
• Сарқан қаласынан Лепсі филиалына (Лепсі ауылы)

🏞 Туристік маршруттарға:
• №4 туристік маршрут — «Шумский мұздығы» (Кіші Басқан шатқалы)
• №7 туристік маршрут — «Лепсі орман тұқымбағы»
• №10 экологиялық соқпақ — «Щеки» (Лепсі және Ағынықатты өзендерінің тоғысқан жері)
• №15 туристік маршрут — «Ақкөл көлі» (Сарқан өзенінің аңғары)

✨ Сіздерді асқар таулар, мөлдір таза ауа, көркем өзендер, бай өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және Жоңғар Алатауының қайталанбас табиғаты күтеді.

🎥 Бейненұсқаулықтарымызды көріп, сапарыңызды алдын ала жоспарлап, табиғат аясындағы қызықты саяхатқа аттаныңыз!

📞 Қосымша ақпарат:
8 (72839) 2-19-23
8 (705) 422-28-49
8 (705) 303-89-93