Skip to content
Жаңалықтар Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

  • by

⚜️Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аңшылықтанушысы Тушкенов Саят Нұрболатұлы экология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Саят Нұрболатұлы орман шаруашылығы саласында 40 жылға жуық еңбек өтілі бар білікті маман. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғи кешендерді қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарып, саланың дамуына елеулі үлес қосты.

Құрметті Саят Нұрболатұлы, марапатыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!💐🇰🇿