Skip to content
Жаңалықтар Мемлекеттік рәміздер күніне орай Сарқан ауданында салтанатты мерекелік шара өтті

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Сарқан ауданында салтанатты мерекелік шара өтті

  • by

Тәуелсіздігіміздің тұмары саналатын Мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған шараға аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев, ардагерлер, мекеме қызметкерлері, жастар мен аудан тұрғындары қатысып, жалпы саны 300-ден астам адам жиналды.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы ортаға шығарылып, Мемлекеттік Әнұран шырқалды.

Мерекелік шара аясында аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірлік пен мемлекеттіліктің айқын белгісі. Оларды құрметтеу – әр азаматтың қастерлі парызы.