«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты өрт қауіпсіздігінің күшейтілген режимі енгізілді.
📍ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!
Белгіленбеген жерлерде от жақпаңыз!
Сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз!
Шыны бөтелкелер мен басқа да қоқыстарды қалдырмаңыз!
Құрғақ шөп пен өсімдіктерді өртемеңіз!
Табиғи аумақтарға барған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыз!
⚠️ Тіпті кішкентай ғана ұшқын ірі орман өртіне себеп болып, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуына және табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
🌿 Жоңғар Алатауының бірегей табиғатын сақтайық!
Табиғи мұрамызды сақтау — әр адамның азаматтық жауапкершілігі.
📞 Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу төтенше жағдайлар қызметіне немесе парк әкімшілігіне хабарласыңыз.
101 — Өрт сөндіру бөлімі;
112 — Бірыңғай құтқару қызметі;
8 (72839) 2-24-41 – парк радиобайланыс диспетчеры, жауапты қызметкерлердің байланыс телефондары:
87751761082;
8747 3510988; 87714690007
