Ұлттық паркімізге Польша Республикасынан турист келді. Сапар барысында қонақ ұлттық парктің көрікті табиғатымен, ерекше ландшафттарымен және табиғи байлықтарымен танысты.
Экскурсия кезінде оған ұлттық парк аумағындағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, туристік маршруттар туралы кеңінен ақпарат берілді.