«Sarqan jastary» филиалы, Сарқан ауданы «Мейірімді Жетісу» фронт офисі, еріктілер мен Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен «Аяла» бағыты аясында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Шара барысында қатысушылар жануарларға қамқорлық жасаудың маңыздылығы, үй жануарларын күтіп-баптау ережелері, қаңғыбас жануарлар мәселесі және оларды шешу жолдары туралы құнды ақпараттармен танысты. Сонымен қатар табиғат пен жануарларды қорғаудағы жастардың рөлі талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмасты.
🌱 Табиғатқа деген жанашырлық пен жануарларға деген мейірімділік – саналы қоғамның белгісі. Осындай игі бастамалар арқылы жастардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігі арта түсуде.
🤝 Табиғатты аялау – жануарларды қорғаудан басталады!
#SarqanJastary #Аяла #Еріктілер #ЖануарларғаЖауапкершілікпенҚарау #ТабиғаттыАяла ЖоңғарАлатауы ЖастарБастамасы