№15 туристік маршрут – «Ақкөл»
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің №15 туристік маршруты – «Ақкөл» табиғаттың қайталанбас сұлулығын тамашалауға мүмкіндік беретін ерекше бағыттардың бірі.
🏔️ Ақкөл мореналық көлдері теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте орналасқан және Тушинский мұздығымен шектеседі.
💦 Көлдердің негізгі қоректену көзі – мұздықтың еріген сулары, сондай-ақ жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын.
🌿 Маршрут ұлттық парктің Сарқан филиалының аумағында орналасқан. Ол биік таулы көлдерімен, мұздықтарымен, тік жартастарымен, альпілік шалғындарымен және таза тау ауасымен ерекшеленеді.
📹М.Шамшудинов