🏔️Уақыт баяулап, табиғат өзінің бар сұлулығы мен құдіретін паш ететін ерекше мекендер болады. Сондай ғажайып орындардың бірі – Жетісу Алатауындағы көркем Сарқан өзенінің шатқалы.
Маршрут сарқырап аққан тау өзенінің бойымен, қалың шырша ормандары, альпілік шалғындар мен асқар тау беткейлері арқылы өтіп, көркем Ақкөл көліне алып барады.
Сапар барысында Жетісу Алатауының бай өсімдіктері мен жануарлар дүниесін тамашалап, ұмытылмас фотосуреттер түсіріп, табиғаттың тұмса сұлулығын терең сезіне аласыз. Бұл бағыт тәжірибелі саяхатшыларға да, тауға алғаш рет шыққан қонақтарға да ерекше әсер сыйлайды.
🌿 Сарқан өзенінің шатқалы – табиғаттан шабыт іздейтін, тыныштықты бағалайтын және жаңа әсерлерге құштар жандарға арналған ерекше туристік маршрут.
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне» қош келдіңіздер! Табиғаттың көзбен көріп, жүрекпен сезінетін ғажайып әлемін бірге тамашалайық!