
🌺Бұйра лалагүл – лалагүлділер қатарына лалалар тұқымдасына жататын дәрілік және сәндік маңызы бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Халық медицинасында дәрілік мақсатта қолданылып, гүлдерінен аралар бал жинайды. Сонымен қатар өсімдік құрамында эфир майлары болады.
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сарқан филиалы аумағында бұйра лалагүл ылғалды шалғындарда, орман жиектерінде және субальпілік белдеуге дейінгі шөптесінді тау беткейлерінде өседі.
Бұл түрдің басты ерекшелігі – гүл күлтелерінің артқа қарай қатты қайырылып, «бұйра» пішін түзуі. Гүлдері көбіне қызғылт-күлгін түсті болып келеді және маусым–шілде айларында гүлдейді. Көпжылдық өсімдік болғандықтан, табиғи ортада ұзақ жылдар бойы өсіп, жыл сайын қайта гүлдейді. Бұйра лалагүл экожүйеде маңызды рөл атқарады, өйткені оның гүлдері аралар, көбелектер және басқа да тозаңдандырғыш жәндіктер үшін қорек көзі болып табылады.