📆17 шілде күні Алматы қаласында Ботаника және фитоинтродукция институты жанынандағы «Сиверс алма ағашын зерттеу және сақтау орталығы» ұйымдастырған «Жабайы алма ормандарының генетикалық эрозиясы мен деградациясы: Malus sieversii генофондын сақтаудағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Ұлттық парктің ғылым бөлімінің биологі Қ. Елеусизов «Жоңғар Алатауы МҰТП жабайы жеміс ормандарының қазіргі жағдайы» тақырыбында баяндама оқыды.




