Эко идеялар әлемі» – табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады!
Табиғатқа жанашырлық – жарқын болашаққа бастар жол. “Sarqan jastary” филиалы мен “Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи” паркімен бірлесе отырып волонтерлар мен “Жасыл ел” еңбек жасақшылары арасында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Эко идеялар әлемі» экологиялық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар экологиялық бастамаларын ұсынып, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды тиімді пайдалану және табиғатты аялау бағытындағы тың идеяларымен бөлісті. Жастар табиғатты қорғау – тек міндет емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Таза табиғат – саналы қоғамның айнасы! 💚🌱
#ТазаҚазақстан #ЭкоИдеяларӘлемі #SarqanJastary #ЖасылЕл #Экология Волонтер ТазаБолашақ Жастар