🔹Ұлттық парктің қызметкерлері еріктілерге арналған №6 «Сарқан орман тұқымбағы» туристік маршруты бойынша танымдық эко-саяхат өткізді.
Эко-саяхат барысында қатысушылар орман тұқымбағының жұмысымен танысып, ағаш көшеттерін өсіру, орманды қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат алды. Сонымен қатар табиғатты қорғау, орманда өзін-өзі ұстау және өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.