Skip to content
Жаңалықтар Көне қорғандар табылды

Көне қорғандар табылды

  • by

⚜️«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғатты қорғау жүйесіндегі археологиялық, тарихи және киелі нысандар болып саналатын петроглифтерді, қорғандарды және қасиетті жерлерді кешенді зерттеу» ғылыми-зерттеу жұмысы аясында жоспарға сәйкес Сарқан филиалының Аманбөктер орманшылығы аумағында іздестіру-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде бірқатар қорғандар анықталды. Аталған нысандарды ғылыми-зерттеу жұмысының тақырып орындаушысы Р. Нұрғожанов анықтады.

Алдағы уақытта осы аумақта зерттеу жұмыстары жалғасын тауып, анықталған қорғандардың тарихи-мәдени маңызын айқындау мақсатында кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады.