Skip to content
Жаңалықтар Орман билеттерін беру жалғасуда

Орман билеттерін беру жалғасуда

  • by

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында 2026 жылға арналған мемлекеттік «Орман билетін беру» қызметі шеңберінде жанама орман пайдалану (маусымдық мал жаю) бойынша Алакөл, Лепсі және Сарқан филиалдарының аумақтарында 97 жеке және заңды тұлғаға рұқсат беріліп, олар орман ресурстарын заңнама талаптарына сәйкес пайдалануда.
Қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар белгіленген тәртіппен маусымдық мал жаюды жүзеге асыру үшін рұқсат құжаттарын (орман билеттерін) алуда.
Еске саламыз: мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жанама орман пайдалануды жүзеге асыру тиісті рұқсат құжаты (орман билеті) болған жағдайда ғана және Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.