Болжам бойынша, 20–26 шілде аралығында ауа райы жылы болғанымен, жауын-шашынды болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +25-тен +36 °C-қа дейін, түнде +16-дан +21 °C-қа дейін жетеді. Апта бойы жаңбыр жауып, құбылмалы бұлттылық сақталуы мүмкін. Алайда демалыс күндерінен кейін күн ашылып, ауа райы қолайлырақ болады деп болжануда.
Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жауын-шашын кезінде сел жүруі мен су тасқынының қалыптасу қаупі сақталады. Туристерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз: өзен арналарына жақындамаңыздар, қауіпті учаскелерге барудан бас тартыңыздар және ауа райының өзгерістерін мұқият қадағалаңыздар.
Сапар алдында ауа райының өзекті болжамымен танысып, жаяу бағыттарға ыңғайлы киім мен аяқ киім таңдауды ұсынамыз. Күн ашық күндері бас киім мен жеткілікті мөлшерде ауыз су алуды ұмытпаңыздар.
Паркте сапарыңыз сәтті өтіп, жарқын әсерлер сыйласын!
