Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғат мұражайында көрнекті ботаник-ғалым, академик Аймақ Жанғалиұлы Жанғалиевтің ғылыми мұрасына арналған ақпараттық бұрыш орналасқан. Аталған бұрышта ғалымның отандық ботаника ғылымының дамуына қосқан үлесі, жабайы жеміс өсімдіктерін, соның ішінде Сиверс алмасын зерттеуге арналған еңбектері және ғылыми қызметі туралы мәліметтер ұсынылған.
Ғалымның қызы Софья Аймаққызы Жанғалиева мұражай қорына әкесінің кітаптары мен ғылыми мақалаларын, ал ботаник Анна Иващенко ғылыми еңбектер жинағын сыйға тартты.
Бұл құнды материалдар ғалымның мұрасын насихаттауға және келушілердің табиғат пен ғылымға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.