🔥 Табиғатты өрттен қорғайық!
Құрметті ұлттық паркке келушілер!
‼️Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауыңызды сұраймыз:
* Отты тек арнайы рұқсат етілген орындарда ғана жағыңыз.
* Өрт қаупі жоғары кезеңде от жағуға қатаң тыйым салынады.
* Темекі тұқылын, сіріңке мен тез тұтанатын заттарды жерге тастамаңыз.
* Шыны бөтелкелер мен шыны қалдықтарын қалдырмаңыз.
* Қоқысты табиғатқа тастамай, арнайы орындарға салыңыз.
* Көлігіңізді құрғақ шөптің үстіне қоймаңыз.
* Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
🌲Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
