Skip to content
Жаңалықтар Техникалық кеңес өткізілді

Техникалық кеңес өткізілді

  • by

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде ұлттық парктің Сарқан филиалында 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындыларына арналған техникалық кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес барысында Сарқан филиалының атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, табиғатты қорғау, орман шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, экологиялық ағарту, туризм және рекреация бағыттары бойынша қол жеткізілген нәтижелер қаралды.